Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Жығылды көзім...)
Жығылды көзім –
нұр күткен,
Соқпағым мынау –
ілбіткен...
Құлады басым құлазыған кеудеме
тірліктен.
Суындым –
қаңтардың қара тасындай,
Күлкім –
сараңның құйған асындай.
Үзілді адасқан ойларым
құлдың құнсыз басындай.
Білдім
тірліктің түпсіз қуысын,
Күлдім
күлмеңдегенге күні үшін.
Тұрмын
Тұрақсыз құмның үстінде,
Әй, құрысын...
Қалдым
шашудай жерде шашырап.
Өмір –
тастан да гөрі тасырақ...
Ырсылда пайда қуалап,
Бәрің бір қулық асырап...
нұр күткен,
Соқпағым мынау –
ілбіткен...
Құлады басым құлазыған кеудеме
тірліктен.
Суындым –
қаңтардың қара тасындай,
Күлкім –
сараңның құйған асындай.
Үзілді адасқан ойларым
құлдың құнсыз басындай.
Білдім
тірліктің түпсіз қуысын,
Күлдім
күлмеңдегенге күні үшін.
Тұрмын
Тұрақсыз құмның үстінде,
Әй, құрысын...
Қалдым
шашудай жерде шашырап.
Өмір –
тастан да гөрі тасырақ...
Ырсылда пайда қуалап,
Бәрің бір қулық асырап...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Табылмаса, табылмасын керегім)
» Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Жапырағың жайқалып, шақырып ең, Алматы...)
» Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Тоңды жаным – жапырақ...)
» Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Жүз рет құлап, жүз рет тұрдым...)
» Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Тереземнің ағарып ар жағы әлі...)

Іздеп көріңіз: