Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Тереземді жаңбыр қағады...)

Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Тереземді жаңбыр қағады...)

Тырс-тырс, тырс тырс...
Тереземді жаңбыр қағады,
Тырс-тырс, тырс-тырс....
Тағы мені табады.
Тырс-тырс, тырс-тырс,
Тыныштық бер шамалы.
Тырс-тырс, тырс-тырс...
Соның бәрі қалады.

Тырс-тырс, тырс-тырс...
Көк аспанның бөлшегі
Үзіледі, көңіліммен көрші еді.
Кімге керек өміріңнің өлшемі?
Кімге керек иегіңнің кемсеңі?..

Тырс-тырс, тырс-тырс...
Мен де сендей ағылдым,
Бұл өмірді сүрмегендей сағындым.
Тырс-тырс, тырс-тырс...
Тар бесікке таңылдым,
Аспан едім,
жазды күтіп, жаңылдым.

Тырс-тырс, тырс-тырс...
Саған несін ақталам,
Сырымды айтып сырттағыға жақпаған....
Тырс-тырс, тырс-тырс,
Сен – сөзімсің таппаған –
Қара қыстың көз жасындай қатпаған.

Тырс-тырс, тырс-тырс.
Тырсылдай бер ендеше!
Суытса да қата алмағам мен кеше.
Тырс-тырс, тырс-тырс...
Тырсылдамай қайтесің
Мұзға айналу қолыңнан еш келмесе.
Тырс-тырс, тырс-тырс...

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
гүлнәр салықбай өлеңдері, гүлнар салықбай Тереземді жаңбыр қағады өлең олен гульнар салыкбай салыкбаева стихи на казахском, гүлнар салықбай өлеңдері, гүлнар салықбай шығармашылығы, гульнар салыкбай гульнар салыкбаева стихи на казахском

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]