Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Тоңды жаным – жапырақ...)

Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Тоңды жаным – жапырақ...)

Тоңды жаным – жапырақ,
Ағаш-тәнім аңырып тұр, ақымақ.
Күннің көзі ұйқылы –
Анда-санда ашылғанмен бақылап...

Өмір деген – үңгірлерге үңілу,
Содан кейін түңілу!

Тоңып тұрып, жылындым,
Күліп тұрып, бүліндім.
Ұрынбасқа ұрындым.
Жапырағым – жанымды қорғалап,
Қара түннің көзінен сорғалап
Келе жатқан бір өлең...

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
гүлнар салықбай Тоңды жаным жапырақ өлең олен гульнар салыкбай салыкбаева стихи на казахском, гүлнар салықбай өлеңдері, гүлнар салықбай шығармашылығы, гульнар салыкбай гульнар салыкбаева стихи на казахском

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]