Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Көзің жасын көл қылып...)

Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Көзің жасын көл қылып...)

Көзің жасын көл қылып,
Алжыдың, қаңтар, алжыдың!
Қыспағынан құтылмай
Жүрген жандай қаржының.
Көк темірге жол қылып,
Жүйкенің тозған қалдығын.
Орындап жүрміз жүгіріп,
Алланың берген жарлығын...
Кешегі кемсіз дүние
Ұлтарақтай тар бүгін.
Шимай-шатпақ сияқты
Шыр айналған әр күнім.
Тау басына жете алмай,
Әр төбеде қалды үнім.
Түсінуден қап барам
Тіршіліктің қалжыңын.
Аласартып барады
Арқамдағы тау-жүгім.
Аша алмаған жандаймын
Асылы көп сандығын.
Жағымпаздар жайлаған
Төңірегін жалдының –
Түсіне алмай барамын
Пендешілік даң-дұңын.
Қожайыны ас бермей
Қойған иттей қаңғыдым...
Тағы қандай сыйың бар,
Таңғажайып тағдырым?
Көктем едім бір кезде
Енді, міне, қарлымын
Қайда кеттің көрінбей,
Аспандағы хан-күнім?
Ашпаймысың көзіңді?!
Айтпаймысың сөзіңді?!
Алмайсың ба мойнынан
Арманымның дар жібін?
Сен көрінсең бір сәтке,
Кешірер ем барлығын...
...ақ қағазға айтқан соң
Қара түнде қалды мұң...

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
гүлнар салықбай Көзің жасын көл қылып өлең олен гульнар салыкбай салыкбаева стихи на казахском, гүлнар салықбай өлеңдері, гүлнар салықбай шығармашылығы, гульнар салыкбай гульнар салыкбаева стихи на казахском

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]