Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Бақыт...)

Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Бақыт...)

Қаншама рет кезіктің қарсы алдымнан,
Талай сені танымай кеткем өтіп.
Біреулерге өзіңсің ән салдырған,
Біреулерді өлердей өкпелетіп.

Еліктіріп, елестей жоқ боласың,
Күндей шыға келесің қайдан күліп?
Бір жоласаң, шүпірлеп көп қонасың,
Біреулердің бастарын айналдырып.

Бір жетесің күдерін үзбегенге,
Былығы көп жүректен жерінесің.
Таппай, тауым шағылып, іздегенде
Көздерінен ұлымның көрінесің.
Бақыт...

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
гүлнар салықбай Бақыт өлең олен гульнар салыкбай салыкбаева стихи на казахском, гүлнар салықбай өлеңдері, гүлнар салықбай шығармашылығы, гульнар салыкбай гульнар салыкбаева стихи на казахском

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]