Қазақша өлең: Танакөз Толқынқызы (Талай рет сезімге ерік бергем...)
Талай рет сезімге ерік бергем...
Мүмкін, көктем түсінер еріп көрген...
Ант берем де сүймеуге енді ешкімді
Қайта ғашық боламын неліктен мен?
Жүдеп көңіл титықтап сағыныштан,
Бұлтпен дос боп кетуші ем жаны құстан.
Соның бәрін ұмытқан бір-ақ сәтте
Қайт дейсің бұл жүректі алып ұшқан?
Жасырынып біреуден... Қашып... Тоңбай...
Жатсам деп ем самарқау, тасып-толмай...
Мүмкін емес екен ғой жүрек барда
Өмір сүру біреуге ғашық болмай...

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Танакөз Толқынқызы (Иығыңа сүйеп едім басымды...)
» Қазақша өлең: Танакөз Толқынқызы (Мына әлемге керек ауа, керек күз)
» Қазақша өлең: Тынышбай Рақым (Тәттілігі татима тамсануға?)
» Қазақша өлең: Поль Элюар (Ғашығым)
» Өлең: Фариза Оңғарсынова (Мен саған ғашық емес ем)

Іздеп көріңіз: