Қазақша өлең: Танакөз Толқынқызы (Мына әлемге керек ауа, керек күз)

Қазақша өлең: Танакөз Толқынқызы (Мына әлемге керек ауа, керек күз)

Мына әлемге керек ауа, керек күз.
Әттең, шіркін, біз жай ғана терекпіз.
Мені біреу сүйсе деймін жай ғана,
Мені біреу сүйсе деймін себепсіз.

Сүйсе деп ем қыңыр-қисық қалпыммен.
Салыстырмай гауһар, күміс, алтынмен.
Сұп-суық деп ойлайды екен оны да
Тым сезімтал жұбай болар қар кіммен?

Сүймесе екен ұнаған соң кескінім,
Және көңіл көтерген соң кешқұрым.
Сүймесе екен қалмаған соң ешкімі,
Сүймесе екен қажытқанда ескі мұң.

Күн егер де не болады күлмесе?
Бәрімізде жан қалмайды Күн десе.
Түнге ғашық адамдарға таң қалма,
Түнді неге сүйетінін білмесе.

Кетер едім құс боп ұшып дерексіз,
Кете алмадым жан секілді керексіз.
Мен біреуді сүйсем екен жай ғана,
Мен біреуді сүйсем екен себепсіз.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Танакөз Толқынқызы Мына әлемге керек ауа керек күз өлең олен стихи на казахском танакоз толкынкызы, танакөз толқынқызы өлеңдері, Танакөз Толқынқызының өлеңі, танакоз толкынкызы стихи на казахском

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]