Қазақша өлең: Танакөз Толқынқызы (Мені сонша Тәңірге жақындатты...)
Ақтар дағы жанымды жайып... түсін...
Толқын – тағдыр сынайды қайық күшін.
Ғайып құсым, сипайын маңдайыңнан
Сипайыншы... сен оған лайықтысың.
Бар екенсің! Мен соған шүкір дегем.
Сезімімді қайтейін шүпірлеген?
Мен – сен үшін Өлеңмін ең әдемі!
Сен – мен үшін Өмірсің лүпілдеген!
Сен де мендей: Жіберме! Алып қал!- де.
Сүйкімді боп көрінер ғаріп хал де...
Мен сен үшін – мәңгілік сағынышпын
Сен – мен үшін ең соңғы жарық сәуле!
Зарықтырды. Күттірді. Лапылдатты.
Өкіндірді... Өксітті... Мақұлдатты...
Сізге қарай ұмтылған әр сезімім
Мені сонша Тәңірге жақындатты...
Толқын – тағдыр сынайды қайық күшін.
Ғайып құсым, сипайын маңдайыңнан
Сипайыншы... сен оған лайықтысың.
Бар екенсің! Мен соған шүкір дегем.
Сезімімді қайтейін шүпірлеген?
Мен – сен үшін Өлеңмін ең әдемі!
Сен – мен үшін Өмірсің лүпілдеген!
Сен де мендей: Жіберме! Алып қал!- де.
Сүйкімді боп көрінер ғаріп хал де...
Мен сен үшін – мәңгілік сағынышпын
Сен – мен үшін ең соңғы жарық сәуле!
Зарықтырды. Күттірді. Лапылдатты.
Өкіндірді... Өксітті... Мақұлдатты...
Сізге қарай ұмтылған әр сезімім
Мені сонша Тәңірге жақындатты...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Танакөз Толқынқызы (Бақыт деген...)
» Қазақша өлең: Танакөз Толқынқызы (Кешірдім...)
» Қазақша өлең: Танакөз Толқынқызы (Кеудем неге сөйлеп тұр төгіліп күй?)
» Қазақша өлең: Танакөз Толқынқызы (Жартылай сүйе алмаймын)
» Қазақша өлең: Танакөз Толқынқызы (Мың жылдан соң Өлең жылар солқылдап...)

Іздеп көріңіз: