Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (9 наурыз)

Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (9 наурыз)

Кешегі гүл – бүгінгі мұң,
Көңіл гүлдей қурап қапты.
Ауасында бүгінгінің,
Жауабы жоқ сұрақ қапты.

Саған гүлді тарту еттім,
Сұрағам жоқ мұңды бірақ.
Ай қарайды жарты бетті -
Аспандағы түнгі шырақ...

Көктің бүгін қабағынан,
Қоштасуды білейін бе?
Гүлдің жасыл сабағынан,
Жебе жасап көрейін бе?

Ашытып у күлтесінен,
Ішіп соны өлейін бе?
Балауыз шам білтесінен,
Асылар жіп өрейін бе?

Әлде мүлде, сені ұмытып,
Тағдырыма көнейін бе?
Біреу отыр сені күтіп,
Сенбейін бе, сенейін бе?...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
акберен елгезек 9 наурыз өлең стих олен ақберен елгезек өлең, ақберен елгезек өлеңдері, ақберен елгезек сайты, акберен елгезек сайты олен стих, акберен елгезек стихи на казахском

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]