Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Сен де мені сағынарсың)
Сен де мені сағынарсың,
Ашса қауыз гүл бақта.
Іздеп мені сабыларсың,
Мен жүрмейтін бір жақта.
Бұлттан бейнем түзілгенде,
Мені аңсарсың бір күні.
Іштен әуен сезілгенде,
Қобалжисың біртүрлі.
Талдан, таудан сұрап мені,
Таба алмасаң, жыларсың.
Мың нүктеден құрап мені,
Жол шетіне құларсың.
Жүрегіңе мұң аларсың,
Өтіп көл мен теңізден.
Бәлкім біліп қуанарсың,
Жүргенімді сені іздеп...
Ашса қауыз гүл бақта.
Іздеп мені сабыларсың,
Мен жүрмейтін бір жақта.
Бұлттан бейнем түзілгенде,
Мені аңсарсың бір күні.
Іштен әуен сезілгенде,
Қобалжисың біртүрлі.
Талдан, таудан сұрап мені,
Таба алмасаң, жыларсың.
Мың нүктеден құрап мені,
Жол шетіне құларсың.
Жүрегіңе мұң аларсың,
Өтіп көл мен теңізден.
Бәлкім біліп қуанарсың,
Жүргенімді сені іздеп...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: