Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Бояулар әуені)

Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Бояулар әуені)

Жасыл бояу шашырап тұр дәл бүгін,
Сенімсіздеу ұсынып тұр тал бүрін.
Әр бүршіктің дірілінен сеземін
Таң нұрының қалдығын,
жапырақтар тағдырын.

Аша ма екен өмір маған бар сырын,
Келер күннен дәметеді Жан білім.
Мен тағатсыз күтіп жүрмін Аспаннан,
Жаңа көктем жаңбырын,
Тамшылардың әрбірін.

Жаным талай жалалардан күйгесін,
ауып тұрар көктем ойнар күйге есім.
Жұлып тастап көкірегіндегі түймесін,
ауадағы жасыл күйге
Сәулелер,
сұлап түскенше билесін!
Мүмкін сонда жүрегімде мазасыз,
орнай ма екен үйлесім?

Қыстан, мұздан, Сөзден ауыр жабыққан,
бұл көктемді Ақыл емес, Жан ұққан.
Қара Жерге, сағыныштан қамыққан,
бір Құдырет сұлбалана жетердей,
бастауы жоқ жарықтан,
тоқтауы жоқ жарықтан?

Бұлттар қашан көшеді екен мұң тілеп?
Жасын қашан жарлық шашар күркіреп?
Нөсер қашан көкірегімізге күй құяр,
сансыз тамшы-ноталары дүркіреп?
...Солып қалып жүрмесінші кеудемде,
қаталаған гүл-Жүрек,
жалғыз тамшы нұр тілеп...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
акберен елгезек Бояулар әуені өлең стих олен ақберен елгезек өлең, ақберен елгезек өлеңдері, ақберен елгезек сайты, акберен елгезек сайты олен стих, акберен елгезек стихи на казахском

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]