Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Уәде)

Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Уәде)

Уәде берші кешірмеуге,
Алдануға мұрсат бер.
Рұқсат берші өшірмеуге...
Сондай тәтті сол сәттер...

Жыламауға уәде берші,
Күлмеуге де уәде бер.
Жүрегімде әне көрші,
Жылап жатыр сәулелер...

Үндемеуге уәде берші,
Үнсіздікте мұн жүрсін.
Түн демеуге уәде берші,
Жүрегіңде күн күлсін!

Уәде деген - Тәңір сөзі,
Біздің сезім Тәңірден!
Айырады өмір өзі,
Өлім әлсіз өмірден...

Қос тамшыны көзден көрші,
Кірпік жолын бөгейді.
Ұмытпауға сөзің берші,
Ұмыт болғым келмейді.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ақберен елгезек Уәде өлең акберен елгезек стих олен, ақберен елгезек өлеңдері, ақберен елгезек сайты, акберен елгезек сайты олен стих, акберен елгезек стихи на казахском

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]