Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Елес іздеу)

Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Елес іздеу)

Құпияңды біле алмай, жұмбақталған,
Елесіңе еремін бұлғақтаған.
Бесік-кеудем тербетер әлсін-әлі,
Мұң-баланы жүрекке құндақталған.

Ақ сағымға жөңкілген қыраттардан,
Ақ таңдарда кемсеңдеп сыр ақтарғам.
Өзің жайлы ештеңе білмеген ол,
Еріп кетті мен қойған сұрақтардан.

Мен өзіңді сұрағам, ұнап қалған,
Құрақтардан, баулардан, бұлақтардан.
Мұнар бейнең көз алды келе берді,
Мен айтпаған сөздерден жылап қалған.

Ұйқасы жоқ, үтірсіз шумақтардан,
Түтіндеген балауыз шырақтардан.
Мен сұлбаңды көрем де, алқынамын,
Көкіректі кернеген шуақтардан.

Өмірімді қайтейін тұрақталған,
Сен қасымда емессің, шырақты арман!
Жұлдыздарды жинаумен жұбанам ғой,
Көк аспан күрсінгенде құлап қалған...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ақберен елгезек Елес іздеу өлең акберен елгезек стих олен, ақберен елгезек өлеңдері, ақберен елгезек сайты, акберен елгезек сайты олен стих, акберен елгезек стихи на казахском

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]