Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Сағыныш сәлемі)

Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Сағыныш сәлемі)

Сәлем айтты сағыныш тағы,
Жүрек тағы құсалы.
Сол бейнеңді сағыныштағы,
Жылап тұрып құшамын.

Кетерде сенің жанарындағы,
Қорқытты мені тұнық мұң.
Тікенектер аралындағы,
Жалғыз гүлсің, қылықтым...

Ұшпасын мейлі армандар биік,
Қонбасын жерге қауырсын.
Бақыт екен ғой адамды сүю,
Жыласын жаным, ауырсын!

Келмеді ме бақыттың кезі,
Уақыттың тезі шаршатты.
Жүзіктегі жақұттың көзі,
Армандатты да аңсатты...

Сезімнің аппақ шұғыласы,
Көзімнен ақса жас болып.
Ұсыншы ләззат құмырасын,
Сарқып ішейін, мас болып!

Мас боп кетейін, айықпайын,
Аспанда жылап жатайын.
Дауылды түнгі қайықтайын,
Арпалыс сорын татайын!

Сағыныш менің тәтті мұңым,
Сезімімді аяласын.
Бір күні сен де аппақ гүлім,
Жүрегімде оянасың!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ақберен елгезек Сағыныш сәлемі өлең акберен елгезек стих олен, ақберен елгезек өлеңдері, ақберен елгезек сайты, акберен елгезек сайты олен стих, акберен елгезек стихи на казахском

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]