Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Елестер шаһары)

Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Елестер шаһары)

Шуақ шаша келер кейде,
«Өмір түнек емес!» - деп.
Көшелерде саған бейнем,
Маған бейнең елестеп.

Өң мен түстің арасында,
Сенделерміз екеуміз.
Елестердің қаласында,
Сағым болып өтерміз.

Сағыныштан еріп кетіп,
Жеріп кетіп аңсаудан.
Көз алдына келіп-кетіп,
Жоғалармыз қарсы алдан.

Сосын ұзақ қарап тұрып,
Қош айтармыз сағымға.
Тоқтатуды қалап тұрып,
Жұтылармыз жалынға...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
акберен елгезек Елестер шаһары стих олен ақберен елгезек өлең, ақберен елгезек өлеңдері, ақберен елгезек сайты, акберен елгезек сайты олен стих, акберен елгезек стихи на казахском

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]