Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Гүл жауған шақ)
Сені ойласам, ауа маған шашар гүл,
Ғажайып гүл, түрлі-түсті күлтесі.
Сол гүлдерді тек өзіңе қашан бір,
Сыйлайды екем, еркешім!?
Олар менің кеудеме кеп құлайды,
Жатар сосын пейіш аңқып, майысып.
Сыйланбаған гүлдер неге жылайды,
Сабақтары қайысып...
Әлдебірін саусағыма орап ап,
Өн-бойынан жасыл сөлді татамын.
Ішім сосын алай-дүлей борап ап,
Қара жерде көк аспан боп жатамын....
Ғажайып гүл, түрлі-түсті күлтесі.
Сол гүлдерді тек өзіңе қашан бір,
Сыйлайды екем, еркешім!?
Олар менің кеудеме кеп құлайды,
Жатар сосын пейіш аңқып, майысып.
Сыйланбаған гүлдер неге жылайды,
Сабақтары қайысып...
Әлдебірін саусағыма орап ап,
Өн-бойынан жасыл сөлді татамын.
Ішім сосын алай-дүлей борап ап,
Қара жерде көк аспан боп жатамын....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: