Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Құдыреттену)

Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Құдыреттену)

Бүгін менің бар күшім сенен білем,
Сені көрсем, керемет кемелденем.
Сен тұрғанда дірілдеп ақ қайыңдай,
Мен ішімнен дүр етіп еменденем!

Сені бүтін сыйлаған Аллам маған,
Сені көрсем, ғаламат ғаламданам!
Сен дала боп мейірім төккен кезде,
Ақ төсіңде жол болып тарамдалам!

Әлсіз күйім бұрынғы жырақтаған,
Сені көрсем, құлпыра қуаттанам!
Қара түнде келбетің елестесе,
Нұр шашуға асығып, шуақтанам!

Мұң да енді қоймайды сұрақ маған,
Түнегімде тұншығып шырақтанам!
Шөл ішінде үлбірек гүлім болсаң,
Құм астынан ыршыған бұлақ болам!

Саған тиген жандарға жұтқа айналам,
Сені сүйген жандарға құтқа айналам.
Сен сүйетін әлемді әр таң сайын,
Тазартатын мөп-мөлдір шыққа айналам!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
акберен елгезек Құдыреттену стих олен ақберен елгезек өлең, ақберен елгезек өлеңдері, ақберен елгезек сайты, акберен елгезек сайты олен стих, акберен елгезек стихи на казахском

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]