Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Махаббат симфониясы)

Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Махаббат симфониясы)

Болашаққа бастап еді бір ізгі,
Сезімдерім – сыбызғы...
Сыбызғыдан мөлдірейтін үміттер,
Үмітімді кім үзді?

Саған еді сол әуендер арналған,
Ноталары жаратылған арманнан.
Ол ноталар жүрегімде бүр жарып,
Кірпігіме жалғанған.

Сен естісең, көкіректен ол күйді,
Жаның сенің өзді-өзінен шалқиды.
Қазір ол күй отты, суық дірілмен,
Бар бойымды шарпиды.

Дутар-жанның жұқарған ба тиегі,
Бүгін ол күй көңіліме тиеді.
Сені қанша жырлағанмен, айтшы кім,
Дәл өзімдей сүйеді?!

Ұмытам деп талай-талай серттестім,
Тәңір жаққан өшіре алмас өртті ешкім!
Сол баяғы сахнасы жоқ кеудемде,
Сезімдерден күй ойнайды оркестр!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
акберен елгезек Махаббат симфониясы стих олен ақберен елгезек өлең, ақберен елгезек өлеңдері, ақберен елгезек сайты, акберен елгезек сайты олен стих, акберен елгезек стихи на казахском

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]