Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Флирт)
Кірпігіңнің ұшымен,
Белгі берші, өтінем.
Бәрін сонда түсінем,
Жүрегімнің шетімен.
Саусақтағы дірілді,
Шаштарыма тигізші.
Іңірдегі күбірді,
Ерініңнен сүйгізші.
Көздеріннің түбінде,
Айтшы неге бір шық тұр?
Жанарыма үңіл де,
Қарашыққа тұншықтыр!
Жиілеген тыныстан,
Өртеп ал да деміңе.
Ескерусіз бұрыштан,
Шығарып сал көгіме.
Қалтыраған сезімді,
Жылытайын көркіңе .
Қалшылдаған төзімді,
Жіберейін еркіне.
Мен іздеген жұмағым,
Бәлкім сенің жолында.
Шөлдетпеші бұлағым,
Бәрі сенің қолында...
Белгі берші, өтінем.
Бәрін сонда түсінем,
Жүрегімнің шетімен.
Саусақтағы дірілді,
Шаштарыма тигізші.
Іңірдегі күбірді,
Ерініңнен сүйгізші.
Көздеріннің түбінде,
Айтшы неге бір шық тұр?
Жанарыма үңіл де,
Қарашыққа тұншықтыр!
Жиілеген тыныстан,
Өртеп ал да деміңе.
Ескерусіз бұрыштан,
Шығарып сал көгіме.
Қалтыраған сезімді,
Жылытайын көркіңе .
Қалшылдаған төзімді,
Жіберейін еркіне.
Мен іздеген жұмағым,
Бәлкім сенің жолында.
Шөлдетпеші бұлағым,
Бәрі сенің қолында...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: