Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Түндерімді аңсаймын)

Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Түндерімді аңсаймын)

Отқа оранып көкірек,
Мен кетіп ем, кетіп ең...
Жаным ғана жетімек,
Нұр шашады шетінен.

Бәрі болған...
Тәп-тәтті,
Түндерімді аңсаймын.
Енді міне, қап-қатты,
Жүрегімнен шаршаймын...

Сағынбаймын! Өтірік!
Сағынамын! Бұл шындық!
Өткен күнге өкініп,
Қайда ғана құлшындық?

Болашақ тұр тұп-тұнық,
Онда жоқпыз екеуміз.
Кімге нені ұқтырып,
Қалай от боп кетерміз?

Жүрегімді жібітіп,
Берші тағы, өтінем.
Нұр шашырар...үмітім...
Жетім жанның шетінен...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
акберен елгезек Түндерімді аңсаймын стих олен ақберен елгезек өлең, ақберен елгезек өлеңдері, ақберен елгезек сайты, акберен елгезек сайты олен стих, акберен елгезек стихи на казахском

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]