Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Алақандағы гүл)

Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Алақандағы гүл)

Келші, күнім!
Алақанымды ашайын,
Сен оған нәзік гүл екші.
Жасымды бүркіп шашайын,
Гүл болсын бізге тілекші.

Жайқалып тұрсын, құлпырсын,
Жұмбаймын алақанымды.
Төгілсін оған нұр тылсым,
Аялап балапанымды!

Ернімнен ұшқан жылуға соңғы,
Балқытам жаңа таңымды.
Жұдырық қас сұлуға мәңгі,
Жұмбаймын алақанымды.

Жұмбақ бір шапақ шашылсын,
Дірілдек күлтесінен.
Бар мұңым іште басылсын,
Сұлулық еркесінен!

Сабағы нәзік ұмтылар биік,
Әжімдер арасынан.
Тамыры оның тартылар күйіп,
Жүректің жарасынан!


Сен үшін ғана, түн ішін ала,
Жаңа нұр жаратамын ба?!
Сен үшін ғана, сен үшін ғана,
Гүл өсіп тұр алақанымда!!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
акберен елгезек Алақандағы гүл стих олен ақберен елгезек өлең, ақберен елгезек өлеңдері, ақберен елгезек сайты, акберен елгезек сайты олен стих, акберен елгезек стихи на казахском

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]