Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Күнді уақыт итеріп) [Абай аудармасы]
Күнді уақыт итеріп
Көк жиектен асырса,
Көлеңке басын көтеріп,
Алысты көзден жасырса
Сонда көңілім жоқтайды
Татуы мен асығын,
Көзі жетіп тоқтайды
Өткен күннің қашығын.
Көкке бақтым алла деп,
Тамаша етіп құдіретін.
Рахматы оиың онда көп,
Бізге түк жоқ тиетін.
Неге сүйсін ол мені,
Өзім ақымақ, алмадым,
Көрдім артық бір сені
Рахматынан алланың.
Көк жиектен асырса,
Көлеңке басын көтеріп,
Алысты көзден жасырса
Сонда көңілім жоқтайды
Татуы мен асығын,
Көзі жетіп тоқтайды
Өткен күннің қашығын.
Көкке бақтым алла деп,
Тамаша етіп құдіретін.
Рахматы оиың онда көп,
Бізге түк жоқ тиетін.
Неге сүйсін ол мені,
Өзім ақымақ, алмадым,
Көрдім артық бір сені
Рахматынан алланың.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Көңілдің күйі тағы да) [Абай аудармасы]
» Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Дұға) [Абай аудармасы]
» Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Асау той, тентек жиын, опыр-топыр) [Абай аудармасы]
» Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз) [Абай аудармасы]
» Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Жалау) [Абай аудармасы]

Іздеп көріңіз: