Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Менің сырым, жігіттер, емес оңай) [Абай аудармасы]

Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Менің сырым, жігіттер, емес оңай) [Абай аудармасы]

Менің сырым, жігіттер, емес оңай,
Ешкімнің ортағы жоқ, жүрсін былай!
Нені сүйдім, дүниеде неден күйдім,
Қазысы оның – арым мен бір-ақ құдай.
Жүрегім екеуіне жалбарынар,
Рақымдық пен әділ сор деп жалынар.
Мен тентек пе, түбінде кім жазалы,
Қайғыны жіберуші өзі сынар.
Надандар былшылдайды, құп алмайды,
Үлкен жанның қиялын ұға алмайды.
Теңізден таудай толқын соқса-дағы,
Жағадағы жартасты жыға алмайды.
Құдай мықты жаратқан үлкен жартас,
Былш-былш еткен, бет бұрып, судан қайтпас.
Бұлтта суық дауыл, жаймен сырлас,
Өзгені жан екен деп сырын айтпас.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
абай аудармалары лермонтовтан, абай құнанбаев аудармалары лермонтов Менің сырым жігіттер емес оңай аудармасы аудармалары, стихи абая кунанбаева на казахском языке, казакша олен абай кунанбаев, стихи абая кунанбаева на казахском языке, абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]