Қазақша өлең: Лермонтов Михаил (Қарасам қайғыртар жұрт бұл заманғы) [Абай аудармасы]

Қазақша өлең: Лермонтов Михаил (Қарасам қайғыртар жұрт бұл заманғы) [Абай аудармасы]

Қарасам қайғыртар жұрт бұл заманғы,
Салқын, қуыс – өмірі я қараңғы.
Білім де жоқ, білімге сенім де жоқ,
Өнерсіз қартаяр деп біл балаңды.
Жасынан білер ескі шалдың мінін,
Аптық жерін, ақылға кеш енгенін.
Өзі өнерсіз, өмірден тез суынар,
Ойлаған жолаушыдай бос жүргенін.
Жамандық жақсылыққа қарар салқын,
Долығы тез басылып, қайтар қарқын.
Ұлыққа қошеметшіл, құл сықылды,
Қатерге аяқ баспас, көрмей артын.
Дәл бейне ерте шыққан бүлдіргенше,
Суық соғып бүрісер, дәмі енгенше.
Көзге де, ауызға да қызығы жоқ,
Қызығы – үзілгені бос жүргенше.
Пайдасыз ғылымменен ми кептірер,
Дос-жарға мақтан етіп, бұлдап көрер:
Жақсы сөз, жақын үміт, тәттілікті
Кемітер, көңіл қоймас, кекеңкірер.
Қуаты қызық қызмет тойларының
Қос қыртысын кетірмес ойларының.
Лап бергіш, к… айналғыш, қайта ойланғыш
Тыянақ оты сөнген бойларының.
Келісімді тәтті ой, әр шеберлік
Қуантпас ойын қозғап пәлен дерлік.
Өз кеудесін өзі аңдып, бой салдырмай,
Тоқымдығы бусанбас неткен ерлік?
Жек көрер, жақсы көрер – кезі білер,
Ашуы, махаббаты босқа сөнер.
Жанында суықтық бар бір жасырын,
Қаны отты жас күнінде шықпас өнер..
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
абай аудармалары лермонтовтан, абай құнанбаев аудармалары Лермонтов Қарасам қайғыртар жұрт бұл заманғы аудармасы аудармалары, стихи абая кунанбаева на казахском языке, казакша олен абай кунанбаев, стихи абая кунанбаева на казахском языке, абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]