Қазақша өлең: Лермонтов Михаил (Қарасам қайғыртар жұрт бұл заманғы) [Абай аудармасы]
Қарасам қайғыртар жұрт бұл заманғы,
Салқын, қуыс – өмірі я қараңғы.
Білім де жоқ, білімге сенім де жоқ,
Өнерсіз қартаяр деп біл балаңды.
Жасынан білер ескі шалдың мінін,
Аптық жерін, ақылға кеш енгенін.
Өзі өнерсіз, өмірден тез суынар,
Ойлаған жолаушыдай бос жүргенін.
Жамандық жақсылыққа қарар салқын,
Долығы тез басылып, қайтар қарқын.
Ұлыққа қошеметшіл, құл сықылды,
Қатерге аяқ баспас, көрмей артын.
Дәл бейне ерте шыққан бүлдіргенше,
Суық соғып бүрісер, дәмі енгенше.
Көзге де, ауызға да қызығы жоқ,
Қызығы – үзілгені бос жүргенше.
Пайдасыз ғылымменен ми кептірер,
Дос-жарға мақтан етіп, бұлдап көрер:
Жақсы сөз, жақын үміт, тәттілікті
Кемітер, көңіл қоймас, кекеңкірер.
Қуаты қызық қызмет тойларының
Қос қыртысын кетірмес ойларының.
Лап бергіш, к… айналғыш, қайта ойланғыш
Тыянақ оты сөнген бойларының.
Келісімді тәтті ой, әр шеберлік
Қуантпас ойын қозғап пәлен дерлік.
Өз кеудесін өзі аңдып, бой салдырмай,
Тоқымдығы бусанбас неткен ерлік?
Жек көрер, жақсы көрер – кезі білер,
Ашуы, махаббаты босқа сөнер.
Жанында суықтық бар бір жасырын,
Қаны отты жас күнінде шықпас өнер..
Салқын, қуыс – өмірі я қараңғы.
Білім де жоқ, білімге сенім де жоқ,
Өнерсіз қартаяр деп біл балаңды.
Жасынан білер ескі шалдың мінін,
Аптық жерін, ақылға кеш енгенін.
Өзі өнерсіз, өмірден тез суынар,
Ойлаған жолаушыдай бос жүргенін.
Жамандық жақсылыққа қарар салқын,
Долығы тез басылып, қайтар қарқын.
Ұлыққа қошеметшіл, құл сықылды,
Қатерге аяқ баспас, көрмей артын.
Дәл бейне ерте шыққан бүлдіргенше,
Суық соғып бүрісер, дәмі енгенше.
Көзге де, ауызға да қызығы жоқ,
Қызығы – үзілгені бос жүргенше.
Пайдасыз ғылымменен ми кептірер,
Дос-жарға мақтан етіп, бұлдап көрер:
Жақсы сөз, жақын үміт, тәттілікті
Кемітер, көңіл қоймас, кекеңкірер.
Қуаты қызық қызмет тойларының
Қос қыртысын кетірмес ойларының.
Лап бергіш, к… айналғыш, қайта ойланғыш
Тыянақ оты сөнген бойларының.
Келісімді тәтті ой, әр шеберлік
Қуантпас ойын қозғап пәлен дерлік.
Өз кеудесін өзі аңдып, бой салдырмай,
Тоқымдығы бусанбас неткен ерлік?
Жек көрер, жақсы көрер – кезі білер,
Ашуы, махаббаты босқа сөнер.
Жанында суықтық бар бір жасырын,
Қаны отты жас күнінде шықпас өнер..
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Лермонтов Михаил (Көңілдің күйі тағы да) [Абай аудармасы]
» Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Асау той, тентек жиын, опыр-топыр) [Абай аудармасы]
» Қазақша өлең: Лермонтов Михаил (Қараңғы түнде тау қалғып) [Абай аудармасы]
» Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Көңілдің күйі тағы да) [Абай аудармасы]
» Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Дұға) [Абай аудармасы]
» Қазақша өлең: Лермонтов Михаил (Көңілдің күйі тағы да) [Абай аудармасы]
» Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Асау той, тентек жиын, опыр-топыр) [Абай аудармасы]
» Қазақша өлең: Лермонтов Михаил (Қараңғы түнде тау қалғып) [Абай аудармасы]
» Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Көңілдің күйі тағы да) [Абай аудармасы]
» Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Дұға) [Абай аудармасы]
Іздеп көріңіз: