Қазақша өлең: Лермонтов Михаил (Қанжар) [Абай аудармасы]
Сүйкімді болат қанжар, тұрсың жайнап,
Ыстық, суық майданда шығады ойнап.
Грузин ашулы ұста кекке соққан,
Ер шеркес соғыс үшін алған қайрап.
Еркелі нәзік қолмен маған тиді,
Ұмытпа деп айрылған жерге берді.
Қан сорғалар жүзінде жас сорғалап,
Қайғымен өртенгеннің белгісі еді.
Қара көз қарап маған көп қадалған,
Құпия қайғы өртеніп бойын алған.
Болатша дірілдеген жалын көрген,
Бір күңгірт тартып және оттай жанған.
Ыстық, суық майданда шығады ойнап.
Грузин ашулы ұста кекке соққан,
Ер шеркес соғыс үшін алған қайрап.
Еркелі нәзік қолмен маған тиді,
Ұмытпа деп айрылған жерге берді.
Қан сорғалар жүзінде жас сорғалап,
Қайғымен өртенгеннің белгісі еді.
Қара көз қарап маған көп қадалған,
Құпия қайғы өртеніп бойын алған.
Болатша дірілдеген жалын көрген,
Бір күңгірт тартып және оттай жанған.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Өлең: Қасым Аманжолов (Қанжар)
» Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Ал, сенейін, сенейін) [Абай аудармасы]
» Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Бородино) [Абай аудармасы]
» Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Асау той, тентек жиын, опыр-топыр) [Абай аудармасы]
» Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Дұға) [Абай аудармасы]

Іздеп көріңіз: