Қазақша өлең: Крылов Иван (Піл мен қанден) [Абай аудармасы]
Көшеде піл жетелеп біреу жүрді,
Кім көріпті хайуанды мұндай түрлі.
Көрсеткелі ап жүрген жануарды
Тамашалап, артынан жұрт боп ерді.
Көшеде кез боп бір қанден
Ұмтылды пілге шаптығып.
Шаңқылдап үрді ерленіп,
Тартынбай ұрысар жан шығып.
Қанденге бір ит кездей боп
Деді: “Әліңді білсеңші,
Пілмен ұрысар сиқың жоқ,
Мазақ болмай, қой, көрші!
Қырқылдап қалдың, не бітті?
Әуре болмай, қой!- деді.
Сен бұлқындың, ол кетті,
Жан деген жоқ ол сені”.
“Мен де соны білемін,
Сондықтан ер боп келемін.
Ұрыс, соғыс қылмай-ақ,
Ер атанып көремін.
Жұрт мұнымды көрмей ме?
Батыр атақ бермей ме?
Қой, бұл қанден – ер шіркін,
Пілге де үрген демей ме?”
Кім көріпті хайуанды мұндай түрлі.
Көрсеткелі ап жүрген жануарды
Тамашалап, артынан жұрт боп ерді.
Көшеде кез боп бір қанден
Ұмтылды пілге шаптығып.
Шаңқылдап үрді ерленіп,
Тартынбай ұрысар жан шығып.
Қанденге бір ит кездей боп
Деді: “Әліңді білсеңші,
Пілмен ұрысар сиқың жоқ,
Мазақ болмай, қой, көрші!
Қырқылдап қалдың, не бітті?
Әуре болмай, қой!- деді.
Сен бұлқындың, ол кетті,
Жан деген жоқ ол сені”.
“Мен де соны білемін,
Сондықтан ер боп келемін.
Ұрыс, соғыс қылмай-ақ,
Ер атанып көремін.
Жұрт мұнымды көрмей ме?
Батыр атақ бермей ме?
Қой, бұл қанден – ер шіркін,
Пілге де үрген демей ме?”
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Өлең: Қадыр Мырза Али (Қанден мен Төбет)
» Қазақша өлең: Крылов Иван (Ала қойлар) [Абай аудармасы]
» Қазақша өлең: Крылов Иван Андреевич (Есек пен бұлбұл) [Абай аудармасы]
» Қазақша өлең: Қалижан Бекхожин (Кездессе екен көшеде)
» Қазақша өлең: Крылов Иван (Әншілер) [Абай аудармасы]
» Өлең: Қадыр Мырза Али (Қанден мен Төбет)
» Қазақша өлең: Крылов Иван (Ала қойлар) [Абай аудармасы]
» Қазақша өлең: Крылов Иван Андреевич (Есек пен бұлбұл) [Абай аудармасы]
» Қазақша өлең: Қалижан Бекхожин (Кездессе екен көшеде)
» Қазақша өлең: Крылов Иван (Әншілер) [Абай аудармасы]
Іздеп көріңіз: