Қазақша өлең: Лермонтов Михаил (Көңілдің күйі тағы да) [Абай аудармасы]

Қазақша өлең: Лермонтов Михаил (Көңілдің күйі тағы да) [Абай аудармасы]

Өмірден тепкі жесем жазығым жоқ,
Ешнәрсеге көңілім болмаса тоқ,
Қайта-қайта оқысам бір дұғаны,
Сөніп қалған жүректе жанады шоқ.
Қуаты бар дұғаның қуантарлық,
Қапаланған жүректі жұбантарлық.
Адам ұқпас бір тәтті лебізінен
“Уан” деген естілер ұлы жарлық.
Көңілім ауыр жүктен бір құтылар,
Кек арылып көкіректен ұмытылар.
Адамның баласына ашып жаным,
Ізгілікке жүрегім бір ұмтылар.
Әм жабықтым, әм жалықтым
Әм жабықтым, әм жалықтым,
Сүйеу болар қай жігіт,
Көңілден кеткен соң тыным?
Әм сүйіндім, әм түңілдім,
Үнемі неткен үміт,
Өткен соң бар жақсы жылым?
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
абай аудармалары лермонтовтан, абай құнанбаев аудармалары лермонтов Қасиетті дұға аудармасы аудармалары, стихи абая кунанбаева на казахском языке, казакша олен абай кунанбаев, стихи абая кунанбаева на казахском языке, абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]