Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Дұға) [Абай аудармасы]
![Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Дұға) [Абай аудармасы]](https://www.zharar.com/uploads/lermontov-mihail.jpg)
Өмірде ойға түсіп кем-кетігің,
Тулағыш мінезің бар, жүрек, сенің.
Сонда сенің отыңды басатұғын,
Осы өлең – оқитұғын дұғам менің.
Ішінде бір қуаты барға ұқсайды,
Тірі сөздің жаны – сол, айрылмайды.
Қасиетті нәфәсі¹ желдей есіп,
Қайнап тұрған ыстық қан салқындайды.
Жаныңның ауыр жүгі жеңілгендей,
Көңілден кернеген кек кемігендей -
Болады жылауға да, сенуге де,
Жүректің басынан у төгілгендей.
Тулағыш мінезің бар, жүрек, сенің.
Сонда сенің отыңды басатұғын,
Осы өлең – оқитұғын дұғам менің.
Ішінде бір қуаты барға ұқсайды,
Тірі сөздің жаны – сол, айрылмайды.
Қасиетті нәфәсі¹ желдей есіп,
Қайнап тұрған ыстық қан салқындайды.
Жаныңның ауыр жүгі жеңілгендей,
Көңілден кернеген кек кемігендей -
Болады жылауға да, сенуге де,
Жүректің басынан у төгілгендей.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Лермонтов Михаил (Көңілдің күйі тағы да) [Абай аудармасы]
» Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Күнді уақыт итеріп) [Абай аудармасы]
» Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Көңілдің күйі тағы да) [Абай аудармасы]
» Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Жалау) [Абай аудармасы]
» Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Ал, сенейін, сенейін) [Абай аудармасы]

Іздеп көріңіз: