Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Ал, сенейін, сенейін) [Абай аудармасы]

Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Ал, сенейін, сенейін) [Абай аудармасы]

Ал, сенейін, сенейін,
Айтқаныңа көнейін.
Шалма ораған сопының
Ішін арам демейін.
Ақ көңілді әділ жан
Табылар деп көрейін.
Я сүйсе, я күлсе,
Елжірейін, төнейін.
Жаралы көңіл жазылар,
Дүниеде рахат бар шығар.
Жақсы адам деген құры сөз
Емес шығар, табылар.
Өткен өмір, көрген түс
Не қылғанда бір болар.
Деп нанып ем “маған нан”,
Не таптым мен нанғаннан?
Жүрегімді қан қылды,
Өткен өмір, өлген жан.
Ақыл іздеп, ізерлеп,
Бәрін сынап сандалған.
Бірін таппай солардың,
Енді ішіме ой салған.
Тұла бойды улатты,
Бәрі алдағыш сұм жалған.
Басыңа тиді, байқадың,
Бәрінен басты шайқадың.
Тағы бар ма айтарың?
Нанғыш болсаң, енді нан!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
абай аудармалары лермонтовтан, абай құнанбаев аудармалары Лермонтов Михаил Ал сенейін сенейін аудармасы аудармалары, стихи абая кунанбаева на казахском языке, казакша олен абай кунанбаев, стихи абая кунанбаева на казахском языке, абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]