Қазақша өлең: Сағыныш

Қазақша өлең: Сағыныш

Махаббат боп жаныңды жалын құшқан,
Өртенердей жүрегің алып-ұшқан.
Сағын, сағын, қайтесің, мына өмір
Жаралған ғой сап-сары сағыныштан.

Көрінерсің оған да сен бір елес,
Деме оны ешқашан сендік емес.
Сағыну да біреуді ұлылық қой,
Сағынбаған ешкімді ерлік емес.

Адам кейде бәріне таңданбады,
Пенде солай төзімді жан болғаны.
Сағын, сағын, өмірде сағына біл,
Сағынғаның - жүрегің бар болғаны.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сағыныш туралы өлең, сағыныш туралы өлең жолдары, сагыныш туралы өлеңдер, сағыныш туралы өлең қыз, махаббат туралы өлең, сагыныш туралы олендер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]