Қазақша өлең: Бекболат Тілеухан (Елім менің)

Қазақша өлең: Бекболат Тілеухан (Елім менің)

Арайлап таңым асқақтап тауым
Ән ойнап көгім күй тартты елім
Қол жетті міне аңсаған күнге
Жасай бер жаса Қазағым менің

Қазақстаным жасыл орманым
Қуанышымды жасыра алмадым
Аңсаған бабам аңсаған елім
Бостандық еді-ау асыл арманым

Елім менің аңсаған
Тас бұғаудан босаған
Құтты болсың отауың
Берік болсын оу босағаң

Бабамның қаны анамның жасы
Сіңген бұл далам қымбатсың маған
Береке бірлік - қамалдың басы
Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы далам

Күйінсін жауың сүйінсін досың
Жиылсын қауым құйылсын көшің
Ертеңің үшін аянба елім
Ояншы елім жиылсын есің

Ұрпақ үшін, ел үшін,
Атамекен жер үшін
Берекең мен бірлігің,
Таси берсін ырысың.

Ұрпақ үшін, ел үшін,
Атамекен жер үшін
Берекең мен бірлігің,
Таси берсін ырысың.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
өлең бекболат тлеуханов Елім менің олен бекболат тілеухан өлеңдері, бекболат тілеухан өлеңдері, бекболат тілеухан өлеңдері қазақша казакша, бекболат тлеуханов стихи на казахском, Елім менің, Бекболат Тілеухан Менің елім сөзі, Бекболат Тилеухан Менин елим сози, Бекболат Тилеухан Менин елим текст, Бекболат Тилеухан Менин елим клип

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]