Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Күн ұшып келе жатыр)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Күн ұшып келе жатыр)

Таң атып келе жатыр,
Қарсы ал, жаным!
Қарсы ал, жаным!
Қанып іш таң саумалын.
Кешегі өткен күнмен өртеп жібер,
Өткерген өкініштің бар салмағын.

Ай, жұлдыз абыр-сабыр араласып,
Түн кетті шымылдығын ала қашып.
Жарқын өмір жарықсыз қалды ма деп,
Күн ұшып келе жатыр,
Далаға шық.

Терезеңді аш,
Ақ сәуле үйіңе енсін.Үйіңе енсін,
Жаныңның күйі келсін.
Іздеме көйлегіңді күн сыйлаған,
Шуақтың нұрыменен киінерсің.

Шашыңды желпігенде аймалап нұр,
Ақ сәуле ақ жүзіңде тайғанап жүр.
Арланбай ақ төсіңді ашып таста,
Айдынында қанатын жайған аққу,
Арманымен қосылсын аймалап бір!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Күн ұшып келе жатыр өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері сайты, стихи на казахском языке мукагали макатаев, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы, Күн ұшып келе жатыр

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]