Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Ұнатамын мен сені)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Ұнатамын мен сені)

Мен сені ұнатамын дегенменен,
Басқадан көрмегенді сенен көрем.
Өз обалың өзіңе, өзіңнен көр,
Бір күні ғайып болсам егерде мен.

Мен сені ұнатамын дегенменен,
Сен биікте жүрсін деп төмендегем.
Кім екен мені өзіңе дуалаған,
О, тоба, мен неғылған өлермен ем!

Дегеніңнің бәрін де жасап жүріп,
Көрсетпеймін зәредей асау қылық.
Сенің ғана ырқыңа бас алдырып,
Бұға берем, не деген жасандылық?!

Мен сені ұнатамын дегенменен,
Сен биікте жүрсін деп төмендегем.
Кім екен мені өзіңе дуалаған,
О, тоба, мен неғылған өлермен ем!

Мен сені ұнатамын, бірақ, бірақ,
Мейіріміңді қайтейін жылап сұрап.
Ұнатамын дегенім - жасандылық,
Саған деген жүрегім құрақ-құрақ.

Мен сені ұнатамын дегенменен,
Сен биікте жүрсін деп төмендегем.
Кім екен мені өзіңе дуалаған,
О, тоба, мен неғылған өлермен ем!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Ұнатамын мен сені өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері сайты, стихи на казахском языке мукагали макатаев, мукагали макатаев олендери, мұқағали мақатаев Ұнатамын мен сені мукагали макатаев олен өлеңі стих, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы, мен сени унатамын мукагали макатаев

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]