Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Қайырлы таң)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Қайырлы таң)

Қайырлы таң, жомарт жерім, ер жерім, өзендерім, көлдерім!
Қайырлы таң, кермиықты кең далам, құба жонды белдерім!
Орманым да шуламай,
Суларым да туламай,
Ақ басты ата-тауларым да жыламай,
Ұйқысынан оянды,
Бәрісі де таң нұрына бояулы.
Айдын көлде асыр caп жүр қаз, аққу,
Ақ таңымен амандасып қазақтың
Қайырлы таң, ашық аспан, ақ аспан,
Ай, Шолпаным, жұлдызым!
Қайырлы таң әзілдері жарасқан
Сәби жанды ұл-қызым!
Бәрісі де дін аман
Бір адам жоқ жылаған,
Сәби де жоқ таң алдында қыңқылдап,
Бір үзім нан сұраған;
Менің елім ұйқысынан оянды,
Алтын арай таң нұрына бояулы.
Самалы есіп тыныштықтың бұйраттан,
Заводтарым темекісін ширатқан.
Далам менің тыныштыққа сый тартқан,
Қалам менің тыныштық деп күй тартқан.
Жер шарының тыныштығын сақтаған,
Қайырлы таң, ұлы Отаным, шат заман!
Сен күзеткен тыныштықты жырға орап,
Ұрпағыма ап барам.
Зеңбіректер атылмай,
Атомдар да уатылмай
Менің елім тыныштықта жатыр жәй.
Бәрісі де ұйқысынан оянды.
Алтын таңның шапағына бояулы!
Шуағымен шомылдырып алапты,
Тағы, міне, бейбітшілік таңы атты.
Арқалап ап ырыс-құт,
Келеді, әне, күн шығып.
Қайырлы таң, Тыныштық!
Қайырлы таң, Тіршілік!..
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Қайырлы таң мукагали макатаев олен өлеңі стих, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы, Қайырлы таң, кайырлы тан олен шумактары, кайырлы тан олен жолдары, қайырлы таң туралы өлеңдер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]