Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Тура қара көзіме, тура қара)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Тура қара көзіме, тура қара)

Тура қара көзіме, тура қара,
Ашық айтқан сөзімді бұрмалама.
Ақиқаттың алдында бүгежектеп,
Тағасыз байталдайын сырғанама.

Тірі жансың айлаң бар, шалымың бар,
Көрсетші қанша сенің қарымың бар.
Адалдық, ақиқаттан сомдап соққан,
Тасқа салсам мұқалмас қаруым бар.

Тура қара көзіме, тура қара,
Арамдығың бұғынып тұр ма, бала?!
Қалжысын жеп қуанып, шілде жасап,
Сені де перзентім деп туды–ау Ана...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Тура қара көзіме тура қара мукагали макатаев олен өлеңі стих, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы, Тура қара көзіме тура қара

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]