Қазақша өлең: Алмас Темірбай (Депрессия)

Қазақша өлең: Алмас Темірбай (Депрессия)

Ештеңе қызық емес… Ешқандай ой кешпеймін,
Ешқайсысы түсінбейді, ешкіммен сөйлеспеймін!

Ешкімді сағынбаймын, сағынып керегі не?!
Еш кеткен сағынышым, жеткізбей дегеніме…

Ешқашан жазылмайтын жанымның жарасын-ай,
Еш нәрсе өзгермейді, бәрібір, тағы осылай…

Ешбір жан тең келмейтін, тәуелсіз Тәңірім-ай,
Еш уақта ойламаппын, болар деп бәрі бұлай…

Еш жерден табылмайтын Бақытты аңсадым ба?!
Ешқайда апармайтын жол жүріп шаршадым ба?!

Білмеймін…
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
алмас темірбай Депрессия өлең Депрессия алмас темирбай олендери, алмас темірбай өлеңдер, алмас темірбай өлеңдер жинағы, алмас темірбай өлең, алмас темирбай олендери, алмаз темирбаев стихи на казахском

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]