Қазақша өлең: Мәриям Хакімжанова (Жайма құшақ, кара жер)
Жайма құшақ, кара жер,
Мен кірмеймін қойныңа.
Еркіммен барар ойым жоқ,
Салмасаң арқан мойныма!..
Жұтсаң да мыңды тойым жоқ,
Жүрегің кайтып, қойдың ба?!
Бауырың суық, қара жер,
Қойныңа кіргім келмейді.
Табиғат, өзің қуат бер,
Тәуекел еткен өлмейді.
Советтік санлақ дәрігерім,
Ажалға мені бермейді.
От жүректі Отаным,
Кеудемді нұрмен тербейді.
Отаным десем оттанам,
Күш-қуатым селдейді.
Мен кірмеймін қойныңа.
Еркіммен барар ойым жоқ,
Салмасаң арқан мойныма!..
Жұтсаң да мыңды тойым жоқ,
Жүрегің кайтып, қойдың ба?!
Бауырың суық, қара жер,
Қойныңа кіргім келмейді.
Табиғат, өзің қуат бер,
Тәуекел еткен өлмейді.
Советтік санлақ дәрігерім,
Ажалға мені бермейді.
От жүректі Отаным,
Кеудемді нұрмен тербейді.
Отаным десем оттанам,
Күш-қуатым селдейді.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: