Қазақша өлең: Мәриям Хакімжанова (Жиырма тоғыз)

Қазақша өлең: Мәриям Хакімжанова (Жиырма тоғыз)

Августің жиырма тоғызы естен кетпес,
Сол күні төккен жасым мәңгі кетпес.
Бұлбұлым бақшадағы түсті торға,
Көзімнен ғайып болды қолым жетпес.
Өмірдің күнгей жағы қырындады,
Жалт беріп бақыт құсым бұрылмады.
Қайғының қара торы алдымды орай,
Жан ұшырып жармассам да сырылмады.
Сол күннен тас жүтқандай жүрек ауыр,
Сырылып сырт айналды дос пен бауыр.
Кінәсіз кінәлінің болдық бірі,
Түтеп түр қарсы алдымда қара дауыл.
Кетті ол, қалдық шулап өңкей жетім,
Жеп барады жүрегімді ішкі дертім.
Жақынсыз, жан ашырсыз қалдық қанғып,
Бәрін де жат қып қойды "құдіретім".
Кім екен жазықсыздан зар қақтырған.
"Жау" деген атақ тағып, ел шаптырған.
Жететін ақ-қарасына жан барма екен,
Не сұмдық кез келгенге жұртты аттырған!
Не болды, неге көрмейді, қайда көсем?
Не бағып отыр өңкей мылжың-шешен?
Қырғын үшін келдік пе бұл дүниеге,
Алып жатыр халыктан кімнің өшін?
Ежев деген шықты бір бас кесері,
Катты састырып халықты, қан нөсері...
Неге жетпейд үніміз Кремльге?
Сонда отырған топты жан не шешеді?
Жазықсыздан қырылды кайран халық,
Жараландым жүректен каным ағып...
Коммунистік партия қайда-кайда?
Армансызбын өлсем мен мұңды шығып!
Тыңдамаса кайтейін халық үнін,
Өлең бол да жата бер зар мен мұңым.
Келешектен табармын бір әділдік,
Жалынбаймын соларға - осы шыным!..
Амал жоқ өмір заңы көндім соған,
Ел-жұртым өкпелеме сен де маған!
Жандым да жалын болып, сөндім лезде,
Өзі іздер кейінгі ұрпақ десе анам!..
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мәриям хакімжанова Жиырма тоғыз өлең стих жиырма тогыз мариям хакимжанова олен, мәриям хакімжанова өлеңдері, мариям хакимжанова стихи, мәриям хакімжанова олен мариям хакимжанова стих

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]