Қазақша өлең: Мәриям Хакімжанова (Кім білген)

Қазақша өлең: Мәриям Хакімжанова (Кім білген)

Қиындық көрмей өмірден,
Өмірдің құнын кім білген?
Махаббат таппай көңілден,
Көңілдің құнын кім білген?
Тегеурін таппай тeмiрден,
Темірдің құнын кім білген?
Қызулық таппай көмірден,
Көмірдің құнын кім білген?
Қайғылы болып қамықпай,
Шаттықтың құнын кім білген?
Ашығып асқа тарықпай,
Тоқтықтың құнын кім білген?
Жоқтықты көріп жұтамай,
Бардың құнын кім білген?
Жесірлік көріп жыламай,
Жардың құнын кім білген?
Қубастың зарын тартпаса,
Баланың құнын кім білген?
Қайратың кеміп қартаймай,
Жастықтың құнын кім білген?
Жауыздықты тойтармай,
Қаруын қарсы қайтармай,
Достықтың құнын кім білген?
Отан үшін аттанбай,
Ойран салмай жауына,
Ортақ болмай дауына,
Отанның құнын кім білген?
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мәриям хакімжанова Кім білген өлең стих ким билген мариям хакимжанова олен, мәриям хакімжанова өлеңдері, мариям хакимжанова стихи, мәриям хакімжанова олен мариям хакимжанова стих

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]