Қазақша өлең: Алмас Темірбай (Қыз күнделігінен)

Қазақша өлең: Алмас Темірбай (Қыз күнделігінен)

Сен мені танымай қалдың ба,
танымай қалдың ба, шынымен?!.
Қоңыр күз келердің алдында
кірдім ғой түсіңе түнімен.

Сол бір түс о, қандай тәтті еді,
біздерге бір-ақ берілген.
Сәтті еді сезімнің сәттері
сүйген кез сыйқырлы еріннен.

Елжіреп, еске алып бейнеңді
есер жел есікті қаққанда,
Құмардан құр қалған кеудемді
ай нұры аймалап жатқанда,

Жеңілтек жан деме желіккен,
сағынам, сағынам несіне?!.
Тұрмын ғой тағы да келіп мен
ал енді түстім бе есіңе?..

Тағы да сені іздеп келемін
шыдамай, Жаңа жыл алдында.
Жаныма жар болам деп едің,
Құдай-ай, ұмытып қалдың ба!?.

Ұмытсаң, ұмытқан шығарсың,
көнем бе, өлем бе... білмеймін. ..
...Кешірші, халімді ұғарсың,
мен енді түсіңе кірмеймін...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
алмас темірбай Қыз күнделігінен өлең кыз кунделиги алмас темирбай олендери, алмас темірбай өлеңдер, алмас темірбай өлеңдер жинағы, алмас темірбай өлең, алмас темирбай олендери, алмаз темирбаев стихи на казахском

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]