Қазақша өлең: Алмас Темірбай (Соңғы кездесу)

Қазақша өлең: Алмас Темірбай (Соңғы кездесу)

Ұмыт бәрін,
Жүрегіңді жүрегім жылытқанын.
Өрт құшады өзегім … еске түссе
Қыз күндегі бейкүнә қылықтарың.

Жыламашы,
Шыда, тағдыр осылай сынағасын.
Көрсетпеші күнәсіз көз жасыңды,
Не бар дейсің мен үшін мұнан ащы?!.

Сен басқасың,
Өзгеріппіз бүгінде мен басқамын.
(Тақиядай тарылды кең аспаным).
Келіні өзің болсаң деп ем анамның,
Құрысын, сенсіз бүйтіп жер басқаным...

Кінәламан,
Сәтсіз ғұмыр бұйырған сірә, маған.
Менің жетім жанымның жарасы ауыр,
Өзіне өз тағдыры ұнамаған.

Маған бүгін,
Ең соңғы рет күлімдеп қара, күнім.
Сонсоң… біздер жыламай қоштасайық,
Бастамайық тағы да жаман ырым…
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
алмас темірбай Соңғы кездесу өлең сонгы кездесу алмас темирбай олендери, алмас темірбай өлеңдер, алмас темірбай өлеңдер жинағы, алмас темірбай өлең, алмас темирбай олендери, алмаз темирбаев стихи на казахском

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]