Қазақша өлең: Алмас Темірбай (Сүймейтін адаммен сүйісу...)

Қазақша өлең: Алмас Темірбай (Сүймейтін адаммен сүйісу...)

Шаршатты ─
Күн сайын ─ у ішу,
Түн сайын ─ жүректі азаптау!
Сүймейтін адаммен сүйісу ─
Арыңды жылатып,
Жаныңды мазақтау...

Біреулер үшін ол
тұрмайды түкке де,
Мен үшін шын бақыт ─
Шынайы сүйісу ─
Екі ерін қосылған нүктеде
Екі адам тағдыры түйісу...

Құрысын мінезсіз мінезім!
Не деген сорлы жан?!
Не деген ез үміт?!
Сүймейсің... сол үшін бір өзің,
Өзіңді кінәлі сезініп...

Ол мені «Күнім» деп құшақтар,
«Айым» деп аймалар,
Мен оны «ешкімім» дей алмай...
Жүрегім айниды,
Басым да айналар,
Еңсемді көтерші, ей, Алла-ай?!

Ештеңе көрмей ме,
Ештеңе сезбей ме бақытты адамдар?!
Мәз боп жүр, бақытты ол өзінше...
О, қандай амал бар?!
Көрмейтін сияқты ─
Басқамен сүйісіп тұрсам да
Мен оның көзінше...

Шіркін-ай, басталса қайта өмір,
Тағдырмен тағы да түсер ем жарысқа! ...
Жүрекке ─ жұбаныш, әйтеуір,
Бір өзім білетін
Біреу бар алыста... алыста...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
алмас темірбай Сүймейтін адаммен сүйісу өлең суймейтин адаммен суйису алмас темирбай олендери, алмас темірбай өлеңдер, алмас темірбай өлеңдер жинағы, алмас темірбай өлең, алмас темирбай олендери, алмаз темирбаев стихи на казахском

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]