Қазақша өлең: Алмас Темірбай (Он үшінші хат)

Қазақша өлең: Алмас Темірбай (Он үшінші хат)

Хат жазып қойып ем тағы бір,
Қалтамда әлі жүр...
Ешкімге көрсеткен жоқпын мен,
Ешқайда бармайды ол, бәрібір...

Сен оны күтпеші, күтпеші,
Хатпенен, бәрі де бітті, осы!
Жаныңа батарын, білем мен,
Ең соңғы сөйлемнің нүктесі...

Мен сені, сен оны жылатып,
Сен мені, мен оны жұбатып.
Өзгертпес дүниені мына хат,
Өндірмес сірә, түк!

Жырттым да тастадым,
Өкініп өмірге қас қағым.
…Жіберіп қайтемін бұл хатты,
Жүрегін ауыртып басқаның…
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
алмас темірбай Он үшінші хат өлең он ушинши хат алмас темирбай олендери, алмас темірбай өлеңдер, алмас темірбай өлеңдер жинағы, алмас темірбай өлең, алмас темирбай олендери, алмаз темирбаев стихи на казахском

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]