Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (От)

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (От)

Күннен туған баламын,
Жарқыраймын, жанамын.
Күнге ғана бағынам.
Өзім - күнмін, өзім - от,
Сөзім, қысық көзімде - от,
Өзіме-өзім табынам.
Жерде жалғыз тәңірі - от.
Оттан басқа тәңірі жоқ.

Жалынмен жұмсақ сүйеді,
Сүйген нәрсе күйеді.
Жымиып өзі жорғалар.
Ұшырағанды шоқ қылар,
Шоқ қылар да, жоқ қылар.
Мұның аты От болар.
Мен де отпын - мен жанам.
От - сен, тәңірім, табынам.

Әдемі отпен аспаның,
Бәрі жасық басқаның.
Жалын жұтам - тез тоям.
Әулием, ием, құтыма,
Теңсіз тәңірім отыма
Әлсін-әлсін май құям.
Май құямын - өрлейді.
Құлашын көкке сермейді.

Кейде жылан арбайтын,
Кейде аждаһа жалмайтын.
Сескенбес, сірә, кім сенен;
Шынында, менің өзім де - от,
Қысылған қара көзім де - от.
Мен - оттанмын, от - менен,
Жалынмын мен, жанамын.
Оттан туған баламын.

Қараңғылық бұққанда,
Қызарып күн шыққанда,
Күн отынан туғанмын;
Жүрегімді, жанымды,
Иманымды, арымды
Жалынменен жуғанмын.
Жүрегім де, жаным да - от,
Иманым да, арым да - от.

Жарқырап от боп туғаннан,
Белімді бекем буғаннан,
Қараңғылық - дұшпаным.
Сол жауызды жоюға,
Соқыр көзін оюға
Талай заулап ұшқанмын,
Әлпіге барғам Алтайдан.
Балқанға барғам Қытайдан...

Күннен туған баламын,
Жарқыраймын, жанамын.
Күнге ғана бағынам.
Өзім - күнмін, өзім - от,
Сөзім, қысық көзім де - от.
Өзіме-өзім табынам.
Жерде жалғыз тәңірі - от,
Оттан басқа тәңірі жоқ.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мағжан жұмабаев от өлең олен стих, стихи магжан жумабаев на казахском языке от, мағжан жұмабаев Қазақша өлең, казакша олен магжан жумабаев, стихи магжан жумабаев на казахском языке, мағжан жұмабаев казакша олен, мағжан жұмабаев өлеңдері, магжан жумабаев олендери на казахском языке, магжан жумабаев стихи, магжан жумабаев стихи на казахском языке, магжан жумабаев олендери

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]