Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Сүйемін)

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Сүйемін)

Күлдей күңгірт шашы бар,
Тоқсан бесте жасы бар,
Көз дегенің – сұп-сұр көр.
Тасбиқ санап бүгіліп,
Жерге қарап үңіліп,
Көрше ауыр күрсінер,
Менің бір қарт анам бар,
Неге екенін білмеймін –
Сол анамды сүйемін!

Көзінде көк нұры жоқ,
Аузында жұмақ жыры жоқ,
Жалынсыз, усыз құшағы,
Иірілмейді жыландай,
Сөзі де жоқ құрандай,
Білгені – қазан-ошағы.
Жабайы ғана жарым бар,
Неге екенін білмеймін –
Сол жарымды сүйемін!

Ұйқы басқан қабағын,
Бастыра киген тымағын,
Жалқаулықты жар көрген.
Жүрген ескі заңымен,
Алдындағы малымен,
Бірге жусап, бірге өрген,
Алаш деген елім бар,
Неге екенін білмеймін –
Сол елімді сүйемін!
Сағымы сайран құрады,
Бораны ұлып тұрады,
Қыс – ақ кебін, жаз – сары.
Орманы жоқ, шуы жоқ,
Тауы да жоқ, суы жоқ,
Мәңгі өлік сахарасы.
Сарыарқа деген жерім бар,
Неге екенін білмеймін –
Сол Арқамды сүйемін!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мағжан жұмабаев Сүйемін суйемин өлең олен стих, суйемин стихи магжан жумабаев на казахском языке, мағжан жұмабаев Қазақша өлең, казакша олен магжан жумабаев, стихи магжан жумабаев на казахском языке, мағжан жұмабаев казакша олен, мағжан жұмабаев өлеңдері, магжан жумабаев олендери на казахском языке, магжан жумабаев стихи, магжан жумабаев стихи на казахском языке, магжан жумабаев олендери

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]