Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Тұтқын)

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Тұтқын)

Кеудеде – от, iште – жалын, көзде – жас,
Күнi-түнi қайғы жұтқан сорлы бас.
Сабан төсек, дым, қараңғы жатағы,
Наны қара, шайы қара, қарны аш.

Күн түсiрмес мейiрiмi жоқ қара
Ағармай ма мұндай үйде қара шаш?
Жанында жоқ жаны ашитын жақын жүз,
Тасбауырлар ыңғайына қарамас.

Жарық сәуле – не Ай, не Күн көрсетпес,
Жақынының “Ой, бауырымын!” естiрмес.
Iс санаулы, сөз аңдулы, ерiк жоқ,
Өз қолымен ұнамды тон пiштiрмес.

Қайғыланба, сорлы тұтқын, еш нетпес,
Күн батқанмен, таң атпайтын түн жетпес.
Ер жүректi азаматтың басына
Бұл жалғанда нелер келiп, не кетпес?!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мағжан жұмабаев тұтқын өлең олен стих, стихи магжан жумабаев на казахском языке, мағжан жұмабаев Қазақша өлең, казакша олен магжан жумабаев, мағжан жұмабаев казакша олен, мағжан жұмабаев өлеңдері, магжан жумабаев олендери на казахском языке, магжан жумабаев стихи, магжан жумабаев стихи на казахском языке, магжан жумабаев олендери, мағжан жұмабаев Тұтқын өлең олен магжан жумабаев стихи на казахском, мағжан жұмабаев өлең олен стих

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]