Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Мен табиғат бөбегі)
![Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Мен табиғат бөбегі)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2016-07/1468775681_ad584caef55f7980abf0260f8d9e3feb-mt73roazfgdfdaa01gett12nfhq97e7kqarstd73wg.jpg)
Мен табиғат бөбегі,
Еркін жанмын еркемін;
Аузымда жастық өлеңі,
Еркелеп күйім шертемін.
Жарқ-жұрқ етіп жүруді
Нажағайдан үйренгем,
Шадыман шат боп күлуді
Күн мен айдан үйренгем.
Тәкаппарлық, ерлікті
Асқар таудан үйренгем;
Мен бір жанмын ерікті,
Жарысып желмен жүгірген.
Ашу, қайғы дегенді
Қара бұлттан үйрендім;
Өз еркімше сілтемей
Қашан ғана имендім?!
Еркін жанмын еркемін;
Аузымда жастық өлеңі,
Еркелеп күйім шертемін.
Жарқ-жұрқ етіп жүруді
Нажағайдан үйренгем,
Шадыман шат боп күлуді
Күн мен айдан үйренгем.
Тәкаппарлық, ерлікті
Асқар таудан үйренгем;
Мен бір жанмын ерікті,
Жарысып желмен жүгірген.
Ашу, қайғы дегенді
Қара бұлттан үйрендім;
Өз еркімше сілтемей
Қашан ғана имендім?!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: