Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Алматы ауасындай мінезің бар...)
![Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Алматы ауасындай мінезің бар...)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2016-07/1468775681_ad584caef55f7980abf0260f8d9e3feb-mt73roazfgdfdaa01gett12nfhq97e7kqarstd73wg.jpg)
Алматы ауасындай мінезің бар,
Жауасың бір кез жаңбыр, бір кезде қар.
Балқытып аласың да ыстығыңмен,
Артынан тоңдырасың төгіп ызғар.
Соққан соң екі жақтап ыстық-суық,
Барады ақырындап бойым суып.
Айнымай тамылжитын жазым қайда,
Япырай, күз бенен қыс қалды-ау жуық!
Жауасың бір кез жаңбыр, бір кезде қар.
Балқытып аласың да ыстығыңмен,
Артынан тоңдырасың төгіп ызғар.
Соққан соң екі жақтап ыстық-суық,
Барады ақырындап бойым суып.
Айнымай тамылжитын жазым қайда,
Япырай, күз бенен қыс қалды-ау жуық!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: