Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Он баласы бар ана)

Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Он баласы бар ана)

Адам жаны өрілмеген таспадан.
Адам – адам.
Ұға ма оны тас надан.
Он баласы бар ананы бүгінде
Он есе сыйлау керек басқадан!

Қызыл шақа сәби үшін егесте
Көрместі де көрдіңіз-ау,
Көбі есте.
Бір он жылға қартайтқанмен,
Әрқайсысы
Он-он жылдан жасартты да емес пе?

Білмесек те дүниенің қысымын,
Шотқа қағып табысы мен түсімін,
Жайалықтан қашқан жандар бір кезде
Жүр қазір де ермек қылып мысығын!

Бесіктегі немерені «Күнім!» деп,
Отырсаңыз сіз теректің түбінде,
Қиынанан қашқан жандар сәбидің
Ит жетектеп қыдырады бүгінде!

Арасында ошақ пенен бесіктің
Айдай кездер өтіпті, рас, есіттім.
Саны қанша енді міне,
Сізді күтіп сағынатын есіктің.

Болашақты білмейді екен еш біліп,
Бар ғұмырын өткізем деп хош қылып.
Бөбек үшін қимағандар кештерін
Баспанаға сыймайды енді кешкілік!

Жортқанменен қалмайды ғой із құмда,
Жүрмеген соң ұлың онда, қыз мұнда.
Қалтасында жүз мың қалмақ біреудің,
Бір мұрагер жоқ бірақ сол жүз мыңға!

Бесік жыры ашады адам мінезін,
Бесік жыры – ең сүйікті әуезім.
Он балаға ана болған адамға
Он бірінші бала болам мен өзім!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қадыр мырза әлі ана өлеңі, қадыр мырза әли Он баласы бар ана өлеңі, қадыр мырза әли өлеңдері әдеби әлем, кадыр мырза али стихи на казахском, қадыр мырза әлі өлеңдер жинағы, қадыр мырза әли өлеңдер жинағы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]